Previous Page  56 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 168 Next Page
Page Background

56

Ораза – теңдессіз құлшылық

пікірмен, ғибадатпен өткізгені абзал. Құран оқи ала-

тындар жоқ дегенде күніне бір пара Құран оқығаны

жөн. Өйткені бұл ай – Құран айы. Әрі Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бен Жәбірейіл (а.с.) осы айда бір-

біріне Құран оқитын.

8. Сәресі мен ауыз ашарда қомағайланбау. Ораза

кезінде қомағайланып, тыңқиып тойып алмаған жақсы.

Өйткені оразаның негізгі мақсаты тәніміз бен рухы-

мызды дем алдыру. Кеш батқанша нәр татпай жүріп,

кеш бата салысымен, ашкөзділікпен қомағайлана тамақ

жей беру Ислам әдебіне қайшы әрі денсаулыққа зиян.

9. Иғтикафқа кіру. (мешіттеншықпай құлшылықжа-

сау). Ораза айының соңғы он күнінде иғтикафқа кірудің

сауабы ерекше. Өйткені иғтикаф – нәпсіні тізгіндеуде

ең әсерлі тәсіл. Сонымен қатар, иғтикафқа бекінген

кісінің Қадір түніне жолығу ықтималы да көбейеді.

Мүслим риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыздың

құлшылыққа құштарлығы ерекше күшейетін. Айша

анамыз: ُ

إِذَا دَخَلَ الْعَشَرُ شَدّ مِئْزَرَهُ، وَ أَحْيَا لَيْلَهُ، وَ أَيْقَظَ أَهْلَه

«Пайғамбарымыз

(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)

рамазанайының

соңғы он күнінде түндерін ғибадатпен өткізетін, отба-

сын намазға оятып, әйелдеріне жақындамайтын»

50

, –

деген.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

• Ұмытып ішіп-жеу әрі жыныстық қатынас жасау

оразаны бұзбайды, бірақ ораза екені есіне түскен

кезде әлгі істерді бірден доғару қажет. Осыған

50

Бұхари, Мүслим, Нәйлул-әутәр, 4-т., 270-б.