51
Ораза
мәселе екінші шапақтың алғашқы сәтіне тәуелді.
Сақтық үшін осы көзқарас абзал болғанымен, екінші
көзқарас жалпы ораза ұстаушыларға оңтайлы.
Таңның атып-атпағанына күмәнданған кісінің ішіп-
жеуді тоқтатқаны абзал. Күмәндана тұрып ішіп-жеуін
жалғастыра берсе, кейіннен таңның атқаны анықталса,
сол күнгі оразаның қазасын өтейді.
Ораза ұстаған кісі күннің батып-батпағанына
күмәнданса, аузын ашуы дұрыс емес.
Оразаның басталуы мен аяқталуын нақты білмеген
кісі сұрастыру арқылы аузын ашып-бекіте алады. Мыса-
лы, ауыз бекітетін кісі уақытты біле алмай, сұрастырып
анықтай алмай, уақыт әлі кірмеді деген көзқарасы
басымырақ болса, екінші шапақ атты деп түйгенге
дейін тамақтана алады. Күннің батуына да бақылап-
зерттеу нәтижесінде батты деген көзқарасы басым
болған жағдайда аузын аша алады. Әйтсе де шапақтың
атып-атпағанына күмәнданған адамның ертерек ішіп-
жеуді тоқтатуы, ал күннің батып-батпағанын анықтай
алмаған адамның аузын кешіктіріп барып ашқаны
дұрыс.
Оразаның сүннеті мен әдептері
1. Бір жұтым су болса да сәресіде ішу. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде: ً
تَسَحّرُوا فَإِنّ فِي السّحُورِ بَرَكَة
«
Сәресіге тұрыңдар, сәресін жеуде берекет бар
»
41
, –
деген.
Тағы бір хадисте:
ِ اسْتَعِينُوا بِطَعَامِ السّحُورِ عَلَى صِيَامِ النّهَارِ،
وَ بِقَيْلُولَةِ النّهَارِ عَلَى قِيَامِ اللّيْل
«
Сәресін ішу арқылы күндіз
41
Бұхари, Саум, 20; Мүслим, Сиям, 45