Previous Page  41 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 168 Next Page
Page Background

41

Ораза

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: ِ

ِ صُومُوا لِرُؤْيَتِه

وَ أَفْطِرُوا لِرُؤْيَتِه

«

Ай (рамазан айы) туғанын көрген кез-

де, ораза ұстауды бастаңдар, һәм айды (шәууәл

айын) көрген кезде айтты тойлаңдар

»,

26

– деген ха-

дис жалпыға ортақ айтылған. Яғни бір жерде ораза

айы көрінсе, барлық мұсылман елдеріне ораза тұту

міндеттеледі

27

.

Бұл көзқарастың қуаттылығымен қатар, әлемдегі

барлық мұсылмандардың бір мезгілде ауыз бекітіп,

бір уақытта айтты тойлау бірлік пен тұтастыққа

бастайтындықтан дұрыс деп табылған.

Құранда:

«Шындығында сендердің үмбеттерің,

бір үмбет қана»

28

делінген.

Сонымен қатар Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

уақытында, мұсылман елдері арасында бір

күннің ішінде барлығы бір-бірлерімен байланысу

мүмкіншілігі жоқ болғандықтан, Шафии мәзһабының

берген үкімі сол заманға оңтайлы. Алайда қазіргі таңда,

әлем бір ауыл секілді тығыз байланыста, мұсылман

елдерінің бір-бірлеріне хабар жеткізу мүмкіндігі ба-

рынша дамыған. Бір кештің өзінде әлемнің түпкір-

түпкіріндегі мұсылман елдер барлығы бір-бірлерімен

байланыса алатын заманымызда, Ханафи мәзһабының

көзқарасымен жүру орынды.

26

Бұхари, Саум, 5-11; Мүслим, Сиям, 3-4

27

Өзге елде айдың көрінгенінен хабар жеткізуші, қазының

алдында екі әділ куәгердің куәлік келтіруімен жүзеге асады.

Мысалы: бір елдің қазысына екі әділ куәгер келіп: «біз пәлен

елдің ораза айын көргеніне және ол елдің қазысы (діни

басшылары) ораза айы басталды деп шешім қабылдағанына

куәлік етеміз» деп куәлік келттіреді. Осылайша бұлар да ораза

тұтады.

28

Анбия сүресі 92 аят.