Previous Page  39 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 39 / 168 Next Page
Page Background

39

Ораза

айының) көрінуін іздеу керек. Өйткені шәууәл айының

1-жұлдызы, барша мұсылмандардың ораза айт мей-

рамы. Сондықтан да Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

: «

Ай (рамазан айы) туғанын көрген кезде, ораза

тұтыңдар, һәм айды (шәууәл айын) көрген кезде айт-

ты тойлаңдар.

..»

24

– деген.

Күн батқаннан кейін, күннің батыс көкжиегінен,

орақ іспеттес жаңа айды көру арқылы келесі айдың

кіргені анықталады.

Ислами күнтізбе бойынша, ақшам уақыты кірісімен

келесі күн басталған болып саналады. Мысалы:

бейсенбі күні кешкісін ақшам уақыты кірісімен, жұма

күнінің түні басталған болады.

Рамазан айының көрінуі

Ай мен күннің шығуы әр елде, әр материкте әр түрлі

уақытта болатыны белгілі. Бұлай болу себебі, елдердің

бір-бірінен ұзақтығы мен жердің домалақтығына бай-

ланысты. Сондықтан «айды бір ел көргенде, барша

мұсылмандар ораза тұтады ма, жоқ әлде, сол көрген

ел ғана ораза тұтады ма?» деген мәселе туындайды.

Бұл мәселеге байланысты фиқһ ғалымдары екі түрлі

көзқараста:

1. Шафии мәзһабы:

Бір елде көрінген ай екінші бір

ұзақ елде көрінбеуі мүмкін. Қалайша бір елде түн бол-

са, екінші бір елде күндіз болғаны секілді. Сондықтан

айды көрген ел ораза тұтады, ал көрмеген ел келесі күні

айдың көрінуін күтеді. Бұл көзқарас бойынша, бір елдің

үкімі екінші бір ел үшін жүрмейді.

Шафии мәзһабы мына хадисті негізге алады: 

24

Бұхари, Саум, 5-11; Мүслим, Сиям, 3-4