64
Ораза – теңдессіз құлшылық
Ал көз бен құлаққа тамызылған дәрілер тікелей
асқазанға бармайды. Ал мұрынға тамызылған дәрі
асқазанға тікелей барады. Сондықтан көз бен құлаққа
тамызылған дәрілер оразаны бұзбайды, ал мұрынға
тамызылған дәрі, егер ішке тартса оразаны бұзады
63
.
Тістен шыққан қан егер түкірікпен тең немесе одан
көп болып ішіне кетсе оразаны бұзады. Кейбір көзқарас
бойынша оразаны бұзбайды. Себебі одан сақтанып
жүру қиын, қалайша ауыз шайғанда судың қалдығы,
тамақ жегенде тамақтың қалдықтары қалатыны секілді
тістің арасынан шыққан қаннан да сақтанып жүру
қиын. Сондықтан оразаны бұзбайды деген. Алай-
да тісінің қанағанын көрген адам одан сақтану үшін
сыртқа шығарып тастауы керек әрине.
Тіс жұлу оразаны бұзбайды. Алайда ішке қан, дәрі,
су кетпеуі шарт. Шейх ибн Абидин былай дейді: тіс
жұлдыруды ауыз ашқаннан кейінге қалдырған дұрыс.
Алайда тіс қатты ауырып, ораза уақытында жұлдыруға
тура келер болса, ішіне қан жібермей жұлдырған дұрыс.
Егер тіс жұлдырғанда асқазанға қан еріксіз кетіп қалса
ораза бұзылмайды. Ал егер сақтанбастан, ішіне қан
жібермеуге тырыспастан, тістен аққан қан асқазанға
кететін болса ол күннің қазасын өтеуі керек болады.
Әбу Ханифа ине ектіру оразаны бұзады деген.
Ал оның екі шәкірті Әбу Юсуф пен Мұхаммед ине
ектірудің оразаны бұзбайтындығын айтқан.
Кейбір аурулардан қорғану мақсатында ине ектіру
оразаны бұзбайды. Өйткені бұндай жағдайда дене-
ге қорек алу көзделмейді делінуде. Бірақ қоректену
мақсатында денеге қуат беретін арнайы витамин-
63
Абдулхамид Тахмаз. Фиқһул Ханафи фи саубил жадид: 409 б.