69
Ораза
жақсарса қарызын өтейді. Фидия төлейтін де жағдайы
жоқ пақыр болса, тәубе-истиғфар жасайды.
Қатты ашығу мен шөлдеу
Ораза ұстаған кісі аштық пен шөл қатты қысып,
тәжірибе негізінде денсаулығына зиян тиюден,
ақыл-естен айырылып қалудан қорықса, яки сенімді
дәрігер ораза ұстамауын айтса, оразасын бұза алады.
Сауыққаннан кейін ұстай алмаған күндерінің қазасын
өтейді.
Хайыз және нифас
Бір әйел рамазан айында күндіз етеккір (хайыз) көре
бастаса яки босанса, оразасы бұзылады. Әйел адамның
етеккір халінде және нифас халінде (босанғаннан кейін
ең көбі 40 күн) ораза ұстауы – харам.
Бір риуаятта Муаз (р.а.):
سَأَلْتُ عَائِشَةَ فَقُلْتُ: مَا بَالُ الْحَائِضِ تَقْضِي الصّوْمَ وَ الَ تَقْضِي الصّلاةَ؟
ِقَالَتْ: كَانَ يُصِيبُنَا ذَلِكَ مَعَ رَسُولِ اللِّ صَلّي اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ فَنُؤْمَرُ بِقَضَاءِ
الصّوْمِ وَ الَ نُؤْمَرُ بِقَضَاءِ الصّلاة
«
Мен Айша анамыздан (р.а.) хайыз көрген
әйелдің неге оразасының қазасын өтеп, нама-
зын өтемейтіндігінің себебін сұрадым. Ол: «Біз
Пайғамбарымыздың кезінде хайыз көргеннен кейін тек
қана оразаның қарызын өтеу керектігін айтатын, ал
намаз жайлы ештеңе демейтін», – деп жауап берді
»
70
,
– дейді.
70
Әбу Дәуіт, Таһарат, 104; Нәсаи, Хайыз, 17; Ахмед ибн Ханбәл,
6/32