74
Ораза – теңдессіз құлшылық
азанды кешкі асы) беруді өсиет етуі керек. Мысалы,
бір әйелдің хайызы ораза айында жеті күн жалғасып,
оразаның жеті күнін тұтпаса, ораза айы біткеннен кейін
айт күнінен кейін үш күн жүріп ораза тұтпастан қайтыс
болған болса, осы үш күніне фидия беруге болады.
Егер әйел осы үш күні үшін фидия беруді өсиет
еткен болса, мирас алған мұрагер байлығының үштен
бірінен оның фидиясын өтейді. Егер өзінен кейін
мұрагері болмаса, оның артына қалдырған дүние-
мүлкінен фидияны алып береді.
Ал егер өсиет етпеген болса, мұрагері оның атынан
фидия беруге міндетті емес. Алайда оның атынан фи-
дия беруіне шариғатта ешқандай тыйым жоқ
79
.
Кәффарат
Кәффарат – сөздікте жабу, өшіру дегенді білдіретін
араб сөзі. Шариғаттағы мағынасы: құлды азат ету, ора-
за ұстау, тамақ беру секілді белгілі істерді ниетпен
орындауға айтылады.
Кәффарат, құлшылықта қандай да бір кемшілік бол-
са, оның орнын толтыру мақсатында жасалады және
бұл да бір құлшылық ретінде жүреді.
Ораза кәффаратының нақтылығы Әбу Хұрайрадан
келіп жеткен мына хадиске сүйенеді.
جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النّبِيِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ فَقَالَ: هَلَكْتُ قَالَ: وَ مَا
أَهْلَكَكَ؟ قَالَ: وَقَعْتُ عَلَى امْرَأَتِي فِي رَمَضَانَ قَالَ: أَعْتِقْ رَقَبَةً، قَالَ: الَ
أَجِدُ، قَالَ: صُمْ شَهْرَيْنِ، قَالَ: الَ أَسْتَطِيعُ قَالَ: أَطْعِمْ سِتِّينَ مِسْكِينًا قَالَ:
79
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,.
441-б. Рәддул-Мұхтар