72
Ораза – теңдессіз құлшылық
ауыртпалық, бейнет адамның жағдайына қарай түрлі
жағдаймен кездеседі.
Сондықтан қарапайым жұмысшы, ораза айын-
да, машаққатты жұмысында, өзін зорықтырып, ден-
саулығына зиян келтіріп, өмірлік науқас болып қалуы
мүмкін жағдайда шариғаттың жеңілдігін қолданып,
оразаны бұзғаны дұрыс. Ал екінші жағынан қасиетті
ораза айында, болмашы себеппен оразаны бұзудың
дұрыс емес екендігін ескертуде. Өйткені мұсылманға
парыз болған қасиетті оразаны кейінге қалдырып, ден
саулығындағы жеңіл желпі науқастығын немесе аса
қажеттіліктен тыс дүниелік жұмыстарын сылтауратып,
оразаны тұтпайтындардың саны артуы мүмкін. Ора-
за мұсылман пенденің теңдессіз құлшылығы, мұның
сауабын мен ғана беремін деген Аллаһтың уәдесі бар
құлшылық. Сондықтан мұсылман адам нақты себебі
болғанда ғана шариғатымыздың жеңілдігін қолданып,
оразаны бұзады.
Ескерту:
Жолаушы, етеккір көрген немесе
жаңа босанған әйелдер өздерін ораза ұстап жүрген
секілді көрсетулері қажет емес. Жолаушы мен ауру-
сырқаулар ашықтан-ашық тамақ жей алады. Бірақ,
өзгелері оның жолаушы немесе науқас екенін білмеген
жағдайда, өзгелер жаман ойламау үшін әрі оразаға
құрмет тұрғысынан жұрттың көзінше тамақ ішпегені
абзалырақ.
Ораза ұстамау рұқсат етілген жандар таң атқаннан
кейін ораза ұстамайтын жағдай аяқталса (ораза тұтпауға
себеп болған үзірі тоқтаса) сол күні шамасы жетсе кеш-
ке дейін ішіп-жемеуіне болады. Бұлай істеу ораза ай-