73
Ораза
ына құрмет болып саналады. Мысалы, таң атқаннан
кейін етеккір мен нифас қаны тоқтаған әйел сол күнді
ораза ұстаған секілді өткізгені абзал. Сонымен қатар
егер бір жолаушы аузы берік күйде таң атырып, сол
күні күндіз үйіне оралса, яки орналасатын жеріне жет-
се, кешке дейін еш нәрсе ішіп-жемей ораза секілді
өткізгені дұрыс
78
.
Таң намазы кірген соң кеселінен арылған сырқат,
ақылынан адасып кейін қайта ақылы орнына кел-
ген кісі, балиғатқа толған бала, Исламды қабылдаған
адам немесе белгілі бір себепке байланысты оразала-
ры бұзылғандар сол күннің қалған бөлігін ішіп-жемей
өткізгендері дұрыс, бірақ міндетті емес. Өйткені бір
көзқарас бойынша мұндай жағдайда оразасын ұстау
уәжіп, басқа бір көзқарас бойынша мәндүп.
Балиғатқа толған бала мен жаңа мұсылман
болғандар әлі ораза ұстауға міндеттелмегендіктен ол
күннің қазасын өтемейді. Ал басқалары сол күннің
қазасын өтеуі тиіс.
Жолаушы, науқас, хайыз және жүкті әйел секілді
үзірлі жандар кейін осы үзірлері кетісімен тұтпаған
ораза күндерінің қазасын өтейді. Егер осы үзірлерінен
айықпастан, қазасын өтей алмай дүниеден өтіп кеткен
болса, олар еш нәрсе істемейді, өйткені шариғаттың
берген жеңілдігін қолданып дүниеден өткен бол-
ды. Ал егер бұл аталмыш үзірлі адамдар, үзірлерінен
айыққаннан кейін тұтпаған оразаларының қазасын
орындай алатын жағдайда бола тұра, қазасын өтемей
дүниеден өтіп кетер болса, ораза тұтуға мүмкіншілігі
бола тұрып тұтпаған әрбір күніне фидия (кедейдің
78
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,
441-б