Previous Page  68 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 168 Next Page
Page Background

68

Ораза – теңдессіз құлшылық

кер қорқып оразаны ұстамауға болмайды. Ол кісінің

жеке тәжірибесіне немесе сенімді дәрігердің кеңесіне

негізделуі қажет. Дәрігерлер тарапынан ораза ұстаған

жағдайда денсаулығына зиян тиетіні анықталған жан-

дар да ауырған есебінде саналады. Мұндай ауруларға

ораза ұстамауларына болатындығы жайлы дәлел

Құрандағы:

فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَ مَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى

سَفَرٍ فَعِدّةٌ مِنْ أَيّامٍ أُخَرَ

«

Сендерден кім рамазан айында болса, ораза

ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа

күндерде санын толтырып, ораза тұтсын

» деген аят.

Кәрілік

Қартайып ораза ұстауды денсаулығы көтермейтін

кісілер ораза ұстамайды, орнына фидия (ораза тұта

алмаған күні үшін бір кедейге таңғы және кешкі

асын беруге «фидия» делінеді) береді. Бұл фидияны

рамазанның басында немесе кейін де беруге болады.

Құран кәрімде шамасы жетпейтін қарт әйелдер мен ер-

кектер жайлы:

فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ

«

Бір міскіннің тамағын

берсін

»

69

деген. Оны бір кедейге берумен қатар бірнеше

кедейге де беруге рұқсат. Өзін осындай кәрі санап,

артынан денсаулығы жақсарып ораза ұстауға шама-

сы жетсе, фидия бермейді. Ұстай алмаған күндерінің

қарызын өтейді. Денсаулығының түзелуіне үміт жоқ

кісілер де осы қартайғандардың үкіміне кіреді. Олар да

ұстай алмаған күндеріне фидия төлейді. Денсаулығы

69

«Бақара» сүресі, 184-аят.