Previous Page  66 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 168 Next Page
Page Background

66

Ораза – теңдессіз құлшылық

за ұстауларың сендер үшін жақсырақ

»

65

деген аят

дәлел.

Рамазан айында 89 шақырым қашықтыққа жолға

шығатын кісі түнде оразаға ниет етпесе де болады.

Алайда түнде ораза ұстауға ниет етіп, күндіз жолға

шығуы қажет кісі бастаған оразасын бұзбағаны абзал.

Ал қатты қиналған жағдайда оразасын бұза алады.

Бұзған жағдайда кәффарат қажет емес. Тек қазасын

өтейді. Бұған Жәбирден риуаят етілген мына хадис

дәлел:

«خَرَجَ رَسُول اللّ صَلّى اللّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ إِلَى مَكّة عَام الْفَتْح فِي رَمَضَان

فَصَامَ حَتّى بَلَغَ كُرَاع الْغَمِيم، فَصَامَ النّاس مَعَهُ، فَبَلَغَهُ أَنّ النّاس شَقّ

عَلَيْهِمْ الصِّيَام، فَدَعَا بِقَدَحٍ مِنْ مَاء بَعْدَ الْعَصْر فَشَرِبَ، وَ النّاس يَنْظُرُونَ،

فَأَفْطَرَ بَعْضُ النّاس وَ صَامَ بَعْض. فَبَلَغَهُ أَنّ نَاسًا صَامُوا فَقَالَ: أُولَئِكَ

الْعُصَاة»

«Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Меккені азат ету-

ге бет алған сапарында, Қураул-Ғамим деген жерге

барғанша ораза ұстады. Жанындағылар да тегіс ауыз

бекіткен болатын. Пайғамбарымызға: «Оразадан жұрт

қиналып кетті, бәрі не істерін білмей сізге қарауда», –

деген кезде, бір бақыр су алдырып екінті уақытында су

ішті. Бұны жанындағыларға көрсетіп істеді. Оразаға

жанындағылардың көбі шыдай алмағандықтан, өзі ора-

засын бұзып, әрі басқаларға да бұзудыбұйырды. Осыған

қарамастан әлдекімдердің ауыздарын ашпағандығы

айтылғанда, «Олар бағынбағандар»

66

, – деді».

65

«Бақара» сүресі, 184-аят.

66

Бұл хадис Мүслим, Нәсаи мен Тирмизиден риуаят етілген:

Нәйлул-әутәр, 4-т., 266-б.