Previous Page  101 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 101 / 168 Next Page
Page Background

101

Пітір садақа

Аллаһ тағала сауабы мол қасиетті рамазан айын-

да, өзінің сүйікті елшісі Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

арқылы мұсылман жұртшылығына пітір садақасын

беруді міндеттеді. Арап тіліндегі «фитр» сөзінің

тілдік мағынасы жаратылыс, оразада ауыз ашу дегенді

білдіреді. Қазақ тілінде «пітір» деп қолданылысқа еніп

кеткен. Сондай-ақ рамазан айындағы оразасын тамам-

дау және біліп-білмей істеген қате-кемістіктеріне төлем

ретінде берілетін немесе әр адамның жеке басы (пен-

деге құлшылық етуге күш-қуат берген Аллаһ тағалаға

шүкіршілік) үшін берілетін садақа. Пітір садақасы

һижреттің екінші жылы Рамазан оразасы парыз болған

жылы шариғатқа енген.

Омар ибн Абдулазиз халыққа пітір садақасын

беру жайлы сөз қозғағанда Құрандағы:

ٰ

قَدْ أَفْلَحَ مَنْ تَزَكّى

«

Әлдекім тазарса (пітір садақасын берсе), мақсат-

мұратына жетеді

»

111

, – деген

112

аятты оқып, пітір

садақаның міндеттілігін түсіндіретін.

Ибн Аббас (р.а) Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

пітір садақа жайлы айтқанын былайша бізге жеткізеді:

فَرَضَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ زَكَاةَ الْفِطْرِ طُهْرَةً لِلصّائِمِ مِنَ

111

«Ағла» сүресі, 14-аят.

112

Тафсирул табари 30т/156б; Кашфул хақайқ ан нукатил-аяти уа

дақайқ, 3т