Previous Page  100 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 168 Next Page
Page Background

100

Ораза – теңдессіз құлшылық

Аллаһ тағала адам баласын Өзіне құлшылық етсін

деп қана жаратқан. Олай болса, мың түннен қайырлы

бұл түнде түрлі ғибадат жасап, нәпіл намаз оқып,

Аллаһқа жақындататын іс жасаған абзал.

Расулаллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Кімде-кім қадір

түнінің артықшылығына сеніп, Аллаһ тағаладан сау-

ап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары

кешіріледі» дейді.

Құран оқу, өзі үшін, әке-шешесі үшін, туған-

туыстары мен барша мұсылмандар үшін дұға ету,

күнәларынан тәубе ету, уағыз-насихат тыңдау Аллаһ

тағаланың кешірімі мен мейіріміне апарар төте жол

болмақ.