104
Ораза – теңдессіз құлшылық
Пітір садақа беру Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
заманында іске асырылған. Бухари мен Мүслим
жеткізген хадисте Ибн Омар (р.а) былай дейді:
َ فَرَضَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ صَدَقَةَ الْفِطْرِ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ أَوْ
صَاعًا مِنْ تَمْرٍ عَلَى كُلِّ حُرٍّ أَوْ عَبْدٍ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَى مِنْ الْمُسْلِمِين
«
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Рамазан айын-
да пітір садақасын парыз қылды. Бір сағ
116
құрма не-
месе бір сағ арпа беріледі. Мұсылмандардан құл неме-
се азат, ер немесе әйел, үлкен немесе кішілер болсын
(пітір садақасын) беруі уәжіп
»
117
.
Ниет
Пітір садақасы – Аллаһқа жасалған ғибадат.
Сондықтан басқа ғибадат амалдар сияқты пітір
садақасын берген уақытта жүрекпен ниет ету шарт.
Алайда ниетті тілменжеткізу–мұстахап. Пітір садақаны
бергенде «бұл пітір» деп айтып беру шарт емес. Пітірде
«иелендіру» яғни кедейдің қолына беру, жеткізу ке-
рек. Сондықтан кедейге беретін пітір садақасын, басқа
біреуден алатындығын білдіру дұрыс емес.
Пітір садақасы кімдерге уәжіп?
1. Мұсылман болу; пітір садақасын беруші
мұсылман болуы керек.
2. Нисап көлемінде байлыққа ие болу (85 г. алтын
немесе 595 г. күміс);
Ханафи мәзһабында пітір садақаның уәжіп болуы
үшін бай болуы шарт. Нисап көлемінде байлыққа иелік
116
Бір сағ – 3 кг 250 гр
117
Бұхари, Зекет, 76; Муслим, Зекет, 12