103
Пітір садақа
кемшіліктерін толықтырған болып саналады»
114
, – де-
ген.
Оразаның қабыл болуына септігін тигізеді. Жарир
риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: «Адамның оразасы жер мен көктің арасында асу-
лы тұр. Пітір садақа бергеннен кейін ол орнына жетеді»
дейді. Яғни оразаның кемшіліктері пітір садақасымен
толықтырылып, кемел түрде оразаның қабыл болуына
септігін тигізеді
115
.
Кедейлерді қуантады. Айт күні тек жағдайы
бар байлар ғана қуанбай, кедей, мұқтаж адамдар да
қажеттерін алып мол қуанышқа кенеледі. Осылайша
дініміздегі ұлық мейрамда барша мұсылман баласының
нұр жүзінен шаттықтың лебі еседі. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: ِ
أَغْنُوهُمْ عَنْ الطّلَبِ فِي هَذَا الْيَوْم
«Осын-
дай күнде кембағалдарды садақа сұрауға мұқтаж
етпеңдер», – дейді. Сондықтан пітір садақасын беру
арқылы кедейлердің мұң-мұқтажын өтеп, бұл күннің
шындығында қуанышты күн екендігін сезінеді.
Жанымыз бен тәніміздің зекеті деуге болады.
Аллаһтың адам баласына сыйлаған сансыз нығметтері
мен ден саулығына шүкіршілік ретінде беріледі.
Сондықтан пітір садақасы сәбиге де, ораза тұтушыға да
ораза тұтпағанға да міндеттеді.
Пітір садақаның үкімі
Ханафи мәзһабында әрбір нисап көлеміне ие
мұсылманға пітір садақа беру уәжіп. Шафиғи, Малики
және Ханбали мәзһабтарында пітір садақа беру парыз.
114
Имам Науауи, Мажмуьа, 6т
115
Ибн Шаһин, Тарғиб; Файдул Қадир 4/167