135
Оразаның түрлері
мұқтаж жандарға осыншама мөлшерде садақа тарата-
мын» деген секілді. Өзіне осылай уәде берген кісінің
атаған нәрсесін орындауы уәжіп. Бұған қатысты
Құранда:
وَلْيُوفُوا نُذُورَهُمْ وَلْيَطَوَفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ
«Айтқан нә
зірлерін орындап, Қағбаны тауап етсін»
166
делінген.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:ِ
مَنْ نَذَرَ أَنْ يُطِعَ اللَّ فَلْيُطِعْهُ وَ مَنْ نَذَرَ أَنْ يَعْصِيَ اللَّ فَلاَ يَعْصِه
«Кімде-кім Аллаһқа мойынсұнуға серт берсе,
мойынұсынсын, ал Аллаһқа қарсы шығуға серт берсе,
Аллаһқа қарсы келмесін»
167
, –
деп ескерткен.
Нәзір оразаны «мына айдың мына күні ұстаймын»
деп анық белгілесе, ол «муайиән», яғни белгіленген
ораза болады. Мұны айтқан күні ұстау уәжіп. Айтқан
күнінде оразаны тұтпаса қазасын өтеуі керек.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «
Кімде кім
Аллаһқа бойсұну мақсатында ораза тұтуды уәде етсе
орындасын, ал күнә істеу үшін уәде етсе, оны орында-
масын
» деген.
Ал ораза ұстайтын күнді нақты белгілемей
«Аллаһтың разылығы үшін бір күн ораза ұстаймын»
деп уәде етсе бұл «ғәйру-муаййән» яғни белгіленбеген
ораза деп аталады. Мұны да қалаған уақытында ұстау
уәжіп.
Бұзылған нәпіл оразаның қазасы
Жалпы қағида ретінде бастап қойған құлшылықты
себепсізден-себепсіз бұзу – харам. Өйткені Құранда:
166
«Хажж» сүресі, 29-аят.
167
Нәсаи, Иман 41