Previous Page  137 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 168 Next Page
Page Background

137

Оразаның түрлері

Бұл жерде мына мәселені де ескерте кеткен жөн.

Әлгінде айтқанымыздай бастап қойған істі аяқтау

уәжіп. Оның уәжіптігі оразаны бұзғандықтан емес,

бастап қойған істі бітірмегендіктен. Сондықтан бастап

қойған нәпіл құлшылығым уәжіпке айналып, сауабы

молырақ болсын деген ниетпен оразасын бұзып басқа

күні қаза ретінде өтеу дұрыс емес. Бұл ғибадаттарға

үстірт қараушылық дегенге саяды.

Нәпіл ораза ұстауды бастаған әйел егер етеккір

көрер болса, бұл оразасының қазасын өтеуі қажет. Ал

шафиғилардың көзқарасы бойынша, нәпіл ғибадатты

белгілі бір себеппен немесе өз еркімен бұзса, қаласа

қазасын өтейді, қаламаса өтемейді.

3. Нәпіл оразалар

Нәпіл – парыз бен уәжіптерден басқа, Аллаһ

тағалаға жақындата түсетін ораза амалдар. Бір құдси

хадисте Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

مَنْ عَادَى لِي وَلِيّا فَقَدْ آذَنْتُهُ بِالْحَرْبِ، وَ مَا تَقَرّبَ إِليّ عَبْدِي بِشَيْءٍ أَحَبّ

إِلَيّ مِمّا افْتَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَ مَا يَزَالُ عَبْدِي يَتَقَرّبُ إِلَيّ بِالنّوَافِلِ حَتّى أُحِبّهُ،

فَإِذَا أَحْبَبْتُهُ كُنْتُ سَمْعَهُ الّذِي يَسْمَعُ بِهِ، وَ بَصَرَهُ الّذِي يُبْصِرُ بِهِ، وَ يَدَهُ

ُالّتِي يُبْطِشُ بِهَا، وَ رِجْلَهُ الّتِي يَمْشي بِهَا، وَ إِنْ سَأَلَنِي لَُعْطِيَنّهُ، وَ لَئِنِ

اسْتَعَاذَنِي لَُعِيذَنّه

«Аллаһтағала:«Кімде-кімәулиеқұлымадұшпандық

жасаса, оған қарсы соғыс жариялаймын. Құлым өзіне

парыз етілген құлшылықтардан өзге Мен үшін ұнамды

ешбір амалмен Маған жақындаған емес. Сондай-ақ, ол

қосымша нәпіл ғибадаттарын жасаған сайын Маған

жақындай түсіп, соңында сүйіспеншілігіме бөленеді.