140
Ораза – теңдессіз құлшылық
ше көңіл бөлген. Усама ибн Зәйд былайша әңгімелейді:
«Мен Аллаһ елшісінің дүйсенбі мен бейсенбі күндері
ораза ұстағанын көріп, себебін сұрағанымда:
ٌ تُعْرَضُ الَْعْمَالُ يَوْمَ الِْثْنَيْنِ وَ الْخَمِيسِ، فَأُحِبّ أَنْ يُعْرَضَ عَمَلِي وَ أَنَا
صَائِم
«Аллаһ тағалаға амалдар дүйсенбі-бейсенбі
күндері ұсынылады. Жаратқанға амалдарымның ораза
ұстаған кезде ұсынылғанын қалаймын»
175
,
–
деп жауап
берді».
Тағы басқа бір риуаятта дүйсенбі күнгі оразаның
мән-жайы жайлы сұралғанда, Пайғамбарымыз (.с.а.с.):
فِيهِ وُلِدْتُ، وَ فِيِهِ أُنْزِلَ عَلَيّ
«Мен сол күні дүниеге келдім, сол күні маған
пайғамбарлық міндеті берілді немесе уахи түсе
бастады»
176
, – деп түсіндірген.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айда үш күн ораза ұстау Ардақты елшінің жақсы
әдеттерінің бірі. Бұның қамари айлардың 13,14,15-
күндерінде тұтылғаны абзал. Бұл күндер арабша
«әййәмул-биид», яғни жарық күндер немесе түндер деп
аталады. Бұл ай ортасындағы толған ай мерзімі. Осы
күндердегі оразаның сауабы бірге он есе берілетіні
жайлы жоғарыда хадисте айтылған болатын. Яғни,
үшті онға көбейтсек, бір ай бойы, ал әр айда үш күн
болса бір жыл бойы, күнде ораза тұтқанның сауабын
алады екен. Осыған қатысты Әбу Хұрайра (р.а.):
175
Тирмизи, Саум, 44; Нәсаи, Сиям, 75
176
Мүслим, Сиям, 197