148
Ораза – теңдессіз құлшылық
жатпайды»
192
деп арнайы жұма күні ораза ұстауға
тыйым салған.
в) Сенбі күні немесе жексенбі күні ораза
ұстау
Сенбі күні ораза ұстауға қатысты мынадай бір ри-
уаят бар. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
الَ تَصُومُوا يَوْمَ السّبْتِ، إِالّ فِيمَا افْتُرِضَ عَلَيْكُمْ فَإِنْ لَمْ يَجِدْ أَحُدُكُمْ إِالَ
لِحَاءَ عِنَبَةٍ، أَوْ عُودَ شَجَرَةٍ فَلْيَمْضُغْهَا
«Парыз оразаның тысында сенбі күні ораза
ұстамаңдар. Кімде-кім сол күні тек жүзімнің қабығы
мен ағаш бұтағын тапса да ауызға салсын»
193
деген.
Тек сенбі күні немесе тек жексенбі күні ораза
ұстаудың мәкруһ болуының себебі де бұл күндері ев-
рейлер мен християндардың ораза тұтатын арнайы
күндері.
г) Тек ашура күні ораза тұту;
Тек қана ашура күні яғни мұхаррам айының
10-ы күні ораза тұту тәнзиһан макруһ. Біз бұл жайлы
жоғарыда сүннет оразалардың ішінде қарастырдық.
Сапар барысында ораза ұстау адамды қажытатын
болса ораза ұстау мәкрүһ. Қажылардың әлсіреп
қалулары ықтимал болғандықтан «тәруия» және Ара-
фа күні ораза ұстаулары – мәкрүһ. Әйелдің күйеуінің
рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы да мәкрүһ.
192
Мүслим, Сиям, 148; Әбу Дәуіт, Саум, 50
193
Бұл хадис Имам Ахмед пен Нәсаидан басқа «Сүнән»
кітаптарында Абдуллаһ ибн Бусрдан және бауырынан риуаят
етілген: Нәйлул-әутәр, 4-т., 251-б.