158
Ораза – теңдессіз құлшылық
рұқсат етілмейді. Мысалы: намаз оқымайды,
ораза тұтпайды.
Нәзір
– Аллаһ тағалаға құлшылық мақсатында бір
амалды орындау үшін сөз беру, уәде ету, мой-
нына алу. Мысалы: мен науқасымнан айықсам,
Аллаһ разылығы үшін үш күн ораза ұстаймын.
Нәпіл
– Парыз бен уәжіптен тыс пенденің өз қалауымен
орындайтын құлшылықтары. Мысалы: дәрет
алғанда оқылатын екі рәкат намаз, тәубе на-
мазы, мешітке кіргенде оқитын екі рәкаттық
сәлем намазы, шүкіршілік ретінде оқылатын
намаз және т.б.
Ораза фидиясы
– Жазылмайтын кеселі бар яки
қартайғандықтан ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ
адамдар, әрбір ораза күннің орнына, таңертең-
кешке бір кедейді тамақтандыруына «ораза
фидиясы» делінеді.
Ораза кәффараты
– оразасын әдейі бұзған адамға
берілетін жаза. Бұл жаза: құлды азат ету,
екі ай ораза тұту немесе алпыс пақырды
тамақтандыру.
Парыз
– шариғатта жасалуы нақты әрі анық
дәлелдермен бұйырылған амал.
Риуаят
– хадистің жеткізілу тізбегі.
Риуаят еткен
– хадис жеткізуші.
Рия
– ел жұртқа көрсету ниетімен жасалған іс, ол таза
ниетке жатпайды.
Салауат
– Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жаса-
латын дұға. Мысалы: «саллаллаһу алайһи уа
сәлләм», «алайһис-салату уәс-сәләм» және т. б.
Саум
– ораза.