Previous Page  156 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 168 Next Page
Page Background

156

Ораза – теңдессіз құлшылық

Дәжжал (тажал)

– жалған пайғамбар. Ақыр заман-

да шығып «мен пайғамбармын» дейтін адам.

Мұның келуі ақыр заманның белгілерінің бірі

болып табылады.

Жәбірейіл

– Аллаһ пен пайғамбарлардың арасындағы

хабаршы періште.

Жүніптік

– жыныстық қатынас арқылы немесе түс

көру арқылы ұрықтың бөлінуіне жүніптік

дейді. Мұндай жағдайдағы адам «жүніп» деп

аталады.

Зиһар

– Күйеуі әйелін талақ еткісі келіп: «Сен маған

анамдайсың» деген секілді әйелін анасына

ұқсатып, әйелін өзіне харам етуге арап тілінде

«зиһар» делінеді. Бұл әдет исламнан бұрын

болған.

Зымми

– ислам мемлекетінде тұратын өзге діннің

өкілі. Мұсылмандар оның дүние-мүлкі мен бас

амандығына жауапты.

Иауму шәк (Күмәнді күн)

– аспан бұлтты болып,

шағбан айының отызы ма, жоқ әлде рамазан

айының бірі ме деп күмәнге түскен күнге ай-

тылады.

Иғтикаф

– Аллаһқа құлшылық мақсатында мешітке

бекіну, мешітте оңашалану.

Ихтилам

– түс көру арқылы ұрықтың (сперманың)

бөлінуі.

Истиғфар

– кешірім тілеу.

Ихтиләфу маталиғ

– мұсылманша күнтізбедегі рама-

зан айының көрінетін уақыты мен мекеніне

байланысты түрлі пікілердің болуына айтыла-

ды.