Previous Page  157 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 168 Next Page
Page Background

157

Ораза – теңдессіз құлшылық

Ихрам

– қажылық немесе ұмраға ниет етіп қасиетті

Меккеге барарда киетін киімнің атауы. Ихрам-

ды, қажылық немесе ұмра жасау ниетімен ки-

генде кейбір халал істерді істеуіне болмайды.

Мысалы: аң аулау.

Муаййан

– уақыты белгіленген.

Мисуак

– тіс тазалауда қолданылатын Әрак ағашының

хош иісті майда бұтағы. Ол ағаш негізінен

Сауд Арабиясының оңтүстігі мен батысында

және Африка елдерінде өседі.

Мәни

– ұрық (сперма).

Мәзи

– қиялдау немесе аймаласудың нәтижесінде

ләззат алу салдарынан жыныс мүшесінен

ағатын мөлдір жалқық сұйықтықты айтады.

Мирас

– қайтыс болған адамның артына қалдырған

мұрасы.

Мұстахап

– құлшылық ғибадаттардың салмағын арт-

тыратын, істелуі абзал саналатын істер. Мұны

орындаса сауабы бар, орындамаса күнә жазыл-

майтын, пенденің өз қалауымен орындайтын

амалдар. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұл істі кейде орындап, кейде орындамаған.

Мысалы: дұха намазы, әрдайым дәретпен

жүру, ұйқыдан тұрғанда дәрет алу және т б.

Мәкруһ

– істелуі құпталмаған, жағымсыз істер.

Миск

– иіс су.

Мәкрүһ тахриман

– істелуі еш құпталмайтын, харамға

жақын іс.

Мәкрүһ тәнзиһән

– істелуі ұнамсыз халалға жақын іс.

Нифас

– босанғаннан кейін әйелдің жатырынан ағатын

қан. Ең ұзақ мерзімі 40 күн. Бұл уақытта қыз

бала кейбір құлшылықтарды орындауына