Previous Page  131 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 360 Next Page
Page Background

131

Исламда киіну түрлері

Ендеше, Құран мен сүннет шеңберінен шықпай бір-

бірлерімен кездескенде амандасып, сырқат жағдайда халін

сұрап т.б. зәру жағдайларда араласуына болады. Аллаһ

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

науқас әйелдерге барып көңілін

сұраған

222

. Хазіреті Айша әкесі Әбу Бәкірдің жағдайын

сұрағанда, Билалдың да жағдайын сұраған

223

. Сондай-ақ,

бір сахаба әйел мешітке барып ансарлық еркек сахабаның

амандығын сұрағаны хадистерде айтылады

224

.

Ханафи ғалымдары ер мен әйелдің амандасуы туралы

кейбір сақтық жағдайларды айтып өткен.

1. Жас қыздар мен әйелдерге бәрі бір жерде жиналып

тұрған кезде сәлем беру. Танымайтын бөтен әйелге сәлем

бермеу. Бұл күндері ресми орындарда бір-бірлеріне сәлем

берулеріне болады, өйткені ел-жұртқа ашық жерлер.

2. Конференция, дәріс секілді себептермен жиналған

әйелдерге жалпы сәлем беру. Ал оңашаланған жерлерде

кездескен жалғыз әйелге яки сондай жердегі әйелдерге

сәлем бермеу

225

.

Ат үстіндегі адам жаяу жүргіншіге, кіші үлкенге,

азшылық көпшілікке, жоғарыдағы төмендегіге сәлем бе-

реді. Намаз оқығанға, ас ішіп отырғанға, әжетханадағы

адамға және ішкілік ішіп құмар ойнап не болмаса соған

ұқсас харам істеп жатқан адамдарға сәлем берілмейді

226

.

222

Бухари, Никах.

223

Бухари, Мәдина, 12.

224

Бухари, Мәрда.

225

Х. Дөндүрен, а.а.е. 87-бет.

226

Бухари, Истизан, 11; Муслим, Әдәб, 46; Әбу Дәууд, Истизан, 6;

Тирмизи, Истизан.