130
Отбасы ғылымхалы
Амандасу түрі
Сәлемдесудің еңжақсысы – «сәләм» деген сөзбен аман-
дасу. Өйткені «Сәләм» Аллаһтың тоқсан тоғыз есімінің
бірі. «Қалайсыз?», «Қайырлы таң», т.б сөздер Исламға
жайыз сәлемнің орнын баса алмайды. Әрбір адамға «ас-
саламу аләйкүм» деп, сәлем бергенде дұға қабыл болса,
әлгі адамның екі дүниесі жарық болмақ.
Ханафилер бойынша, сәлем беру – сүннет, ал біреудің
сәлемін алу – уәжіпке жатады. Құрандағы:
وَإِذَا حُيِّيتُمْ بِتَحِيّةٍ فَحَيّوا بِأَحْسَنَ مِنْهَا أَوْ رُدّوهَا
«Сендерге сәлем бергенде одан да жақсы сөзбен
не болмаса дәл солай жауап беріңдер»
–
220
деген аятта
сәлемді алу әмір формасымен айтылған.
Бірақ Әбу Ханифа мен оның серіктері әйелдердің
бірінші болып ерлерге сәлем беруін дұрыс көрмеген.
Әйелдер азан, қамат және жұрт алдында Құран оқуларына
болмайды, бірақ жақын туыстары бұдан бөлек.
Мәликилер, сәлемдесу мәселесінде жас әйелдер мен
кәрі әйелдер деп екіге бөлген.
Әйтсе де Аллаһ елшісі өзіне жат әйелдерге сәлем бер-
ген, сәлемін алған. Бірде Әбу Тәліптің қызы Умму Хани
ішке кіріп сәлем бергенде перде артында тұрған Пайғамбар
оның кім екенін сұрап білген соң, «қош келдің?» деп жа-
уап берген
221
.
Ата ибн Әби Рабах: «әйелдер жас болатын болса онда
оларға сәлем берілмейді», – деген. Бұл – сақтық үшін
айтылған көзқарас.
220
«Ниса» сүресі, 86 аят.
221
Бухари, Салат.