125
Исламда киіну түрлері
Мұсылман әйелдің бөтен ерлердің алдында жүзі
және білектеріне дейінгі қолдары және аяқтарынан
өзге денесінің барлық жерлері әурет саналады. Мықты
көзқарасқа қарай аяқтары ашық болса болады.
Бесінші:
Зәру жағдайда, яки емделгенде:
Емделу секілді зәру жағдайда ер кісіге де әйелге де
дәрігер және ине салушы мейірбикелердің қарауына бола-
ды. Ал, әйелдер гинекология мәселесінде өз дәрігерлерін
іздеп тапқаны жөн. Әйел гинеколог тұрғанда ер дәрігерге
баруы харамға жатады.
Ер кісінің әйел адамға массаж жасауының да
үкімі осылай ма?
Әйел адам қандай жағдайда болсын бөтен ер кісі-
ге массаж жасатуына болмайды. Бұл іс-әрекет тікелей
харамға, үлкен күнәға жатады. Сондай-ақ, ер кісінің де
массаж жасайтын бөгде әйелге массаж жасатуына бол-
майды. Мұндай іс-әрекетке ғалымдар тікелей, Муслимдегі
хадис бойынша,
206
қол зинасы, көз зинасы деп қараған.
Мұндай күнә жасаған адам садақа беріп, Аллаһтан кешірім
тілеуі қажет.
Әйелдің жақындары (махрамдары)
1
.
Ері:
Әйел ерінің жанында қалауынша киіне ала-
ды. Ерлі‑зайыптылар арасында бүркену мәселесі
жоқ. Әйел күйеуінің жанында әсем көріну үшін
сәнденуі және ашылуы мүбаһ саналады. (Алайда
бөтен ерлердің алдында сәнденіп, оларды өзіне
тарту – харам).
2. Әкесі.
206
Муслим. Бухари.