Previous Page  122 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 360 Next Page
Page Background

122

Отбасы ғылымхалы

Ер кісілердің киіміне ұқсамауы

Аллаһ Тағала әйел мен еркекті өзіндік ерекшелік-

терімен жаратқан. Ислам киімде және қоғамдық

қарым‑қатынаста осы жаратылысқа лайық түрде негіз-

дер қойған. Сәндену, әсем киімдер киіну оның рухында

бар. Сондықтан олардың орану түрлері де басқа. Сырттай

қараған адамдар кімнің ер кісі, кімнің әйел екендігін

киіміне қарай ажыратады. Болмаса еркек секілді киінген

әйел, әйел сияқты киінген еркектер шығып, бұл олардың

рухтарының бұзылуына әкеліп соғады.

Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

киім мен дене яки

іс‑әрекеттерімен ер кісіге ұқсауға тырысқан әйелге және

әйелге ұқсауға тырысқан ер кісіге лағынет айтқан. Хадисте

былай айтылады:

«Әйелдерден ерлерге ұқсағандар мен ер-

лерден де әйелдерге ұқсағандар бізден емес»

198

. Абдуллаһ

ибн Аббастан:

«Пайғамбар ер адамға ұқсауға тырысқан

әйелдер мен әйелге ұқсауға тырысқан ерлерге лағынет

айтты және «оларды үйлеріңнен шығарыңдар»,-

деді»

199

.

Басқа бір хадисте Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Үш

адам бар. Олар жаннатқа кіре алмайды және қиямет

күні Аллаһ оларға рақым назарымен қарамайды. Олар:

Ата‑анасын тыңдамаған адам, еркектерге ұқсауға

тырысқан әйел және әйелін қызғанбаған ер»

200

.

Ерлердің орануы

Ерлердің өз әйелдерінен өзгелердің жанында және на-

мазда тізе мен кіндіктің арасын жабуы парыз. Тізе де әурет

198

Бухари, Либас. 61; Әбу Дәууд, Либас, 27; Тирмизи, Әдәб, 34.

199

Бухари, Либас. 62; Әбу Дәууд, Әдәб, 53.

200

Ахмәд ибн Ханбал.