124
Отбасы ғылымхалы
әдептілікке жатады. Хазіреті Айша:
«Мен Пайғамбардың
ұятты жерлеріне ешқашан қарамадым»
десе, басқа бір
деректе:
«Оның ұятты жерлерін көрмедім. Ол да мені
көрмеді»,
205
– дейді.
Екінші:
Махрам (жақын) туыстарының ортасында:
Әйел әкесі, баласы, еркек бауырлары және күйеу
балалары сияқты араларында үйленуге болмайтын
туыстарының жанында қол, аяқ, шаш, құлақ, мойын және
тізеден төмен жерлерін аша алады. Олардың да осыларға
қарауы – халал, өйткені олармен бірге тұру, үй шаруасына
қарауда ешқандай келеңсіз жағдайдың болуы мүмкін емес.
Ішін және арқасын аша алмайды.
«Сен маған анамның
арқасы сияқтысың»
деген аятта да ананың арқасына
назар аудартуда. Сондықтан ананың арқасы және осыған
ұқсас ішкі жағы да жақындарының алдында әурет жері
саналады.
Үшінші:
Әйелдердің әйелдер арасындағы әурет жері
– кіндік пен тізелері арасындағы жерлер. Мұсылман әйел,
мүшрік, атеист әйелдің жанында бүркенішін аша алмайды.
Тіпті христиан бір әйелдің мұсылман бір әйелдің бетінен
сүюін яки оның әурет жеріне қарауын мәкрүһ санаған.
Хазіреті Омардың қолбасшы Әбу Убәйда ибн әл‑Жаррахқа
жазған бір хатында «Зиммәт әһлі (мұсылман емес) әйелдер
мұсылман әйелдермен бірге моншаға кіргендері туралы
хабар естідім. Оларға тосқауыл жаса. Өйткені олардың
мұсылман әйелді жалаңаш көруіне болмайды», – дейді.
Абдуллаһ ибн Аббас себебін түсіндіріп: «Мұсылман
әйелді орамалсыз отырғанын әһлі кітаптың әйелдері
көруіне болмайды, себебі олар мұсылман әйелдердің осы
халдерін ерлеріне айтып баруы мүмкін»,- дейді.
Төртінші:
Бөтен ерлердің алдында:
205
Ханбәл, 6/63, 190.