Previous Page  128 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 128 / 360 Next Page
Page Background

128

Отбасы ғылымхалы

ағасының баласы Фадл ибн Аббас та сол жерде болатын.

Оның әлгі жас әйелге көзін тігіп қарап қалғанын көрген

Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

Фадлдың басын ұстап

басқа жаққа бұрып жіберді. Хазіреті Аббас осының мәнін

сұрағанда, ол:

«Бір жас еркек пен бір жас әйелді көрдім.

Оларға дұшпандық ететін шайтанға сене алмадым»,

211

деп жауап береді.

Әйелдің ер кісіге қарауы

Бірінші:

Әйелдің еркектің әурет жеріне қарауы.

Бөтен әйелдің еркектің сәтри әурет жеріне қарауы –

харам. Бұл сезімсіз болсын сезімді болсын бәрібір.

212

Кейбір мүштәһидтер бойынша, тізесінің жоғарғы жағы

да әурет жері саналады. Бір хадисте:

«Сан әурет жері»,

дейді

213

. Имам Мәлік Әнәс ибн Мәліктің

«Пайғамбарды

саны ашық күйінде көрдім»

214

хадисіне сүйеніп, әурет жері

тек қана алды мен арты деп шектеген.

Басқа жағынан Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

Әлиге:

«Сандарыңды ашпа тірі болсын өлі болсын ешкімнің са-

нына қарама»,

215

дейді.

Кейбір фиқһ ғалымдары алды мен артқы жақты «ауыр

әурет», сандары үшін «жеңіл әурет» деп екіге бөлген.

Ендеше, Имам Мәліктің көзқарасын бұл заманда

күрес, жүзу, басқа да спорт саласында пайдалануға бола-

ды. Мүмкіндігінше әурет жері жабық болғаны абзал.

Екінші:

Ер кісінің әурет жері саналмаған жерлеріне

қарау.

211

Тирмизи. Хаж, 54; Ханбәл.

212

Муслим, Әдәб, 45; Әбу Дәууд, Никах, 43; Тирмизи, Әдәб, 28.

213

Бухари, Салат, 12; Тирмизи, Әдәб, 40.

214

Бухари, Салат, 12.

215

Әбу Дәууд, Хаммам.