129
Исламда киіну түрлері
Кейбір фиқһ ғалымдарының көзқарасына қарай бөтен
еркектердің тізе мен кіндік арасынан басқа жерлеріне
сезімсіз қарауларына болады. Дәлел мына хадис.
Айт күні хабашилер мешітте найзаларымен ойын
көрсетіп жатты. Хазіреті Айша оларды Пайғамбардың
артында тұрып көрді. Хақ пайғамбар оны ойыншылардан
қалқалап ұстап тұрды. Ақырында хазіреті Айша шаршап
үйіне қайтты
216
.
Бұдан басқа сахаба әйелдердің қажеттілік кезінде
еркектермен сөйлескені, сауда‑саттық жасағаны, сұрақ
сұрағаны мәлім. Бірде Аллаһ елшісі Билалмен бірге
әйелдерге барып, олардың өзіне қол тапсыруына қатысты
аятты оқып, насихат айтып оларды садақа беруге ынта-
ландырады. Осы кезде хазіреті Билал көйлегін әйелдердің
алдына ақша, жүзік, т.б тастауы үшін жайып салады
217
.
Кейбір фиқһ ғалымдары бойынша әурет емес жерлері-
не әйелдер қандай сезіммен болсын қарай алмайды. Орамал
тағу аяты түскен кезде Абдуллаһ ибн Мактум деген зағип
Аллаһ елшісінің құзырына келеді. Пайғамбарымыздың
әйелдері Умму Сәләмә мен Мәймунә де сол жерде бола-
тын. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
оларға
«бүркеніңдер»
дейді. Умму Сәләм
«ол зағип емес пе?»
– деп сұрағанда
Пайғамбар
«Сендер де зағипсыңдар ма, сендер оны көрмей
тұрсыңдар ма?»,
– дейді
218
.
Сөз соңында, еркек пен әйелдің бір‑бірлеріне
қарауында құмарлық сезімі болмауы тиіс.
219
216
Бухари, Салат, 69, Жиһад, 79; Муслим, Идәин, 17, 21; Ханбәл.
217
Бухари, 2/273; Әбу Дәууд, 1/174, Нәсәи.
218
Тирмизи, Әдәб.
219
Зуһайли.