127
Исламда киіну түрлері
ер бауыры туралы не дейсіз?»,
– дейді. Аллаһ ел-
шісі:
«Қайнысы – өлім»
деп жауап береді
208
.
Бұлармен қатар ата, немере аға, нағашы, үлкен не-
мере аға, үлкен нағашы аға, сүт бауыры, сүт әке сияқты
жақындарының жанында орамалсыз жүруіне болады.
Сонда да орамалмен жүргені абзал.
Ер кісінің әйелге қарауы
Көптеген мүштәһидтердің көзқарасы бойынша,
«Әйелдер ашық қалған жерлерінен басқа зейнеттерін
ашпасын»
аятындағы басқа жерлері – «қол мен бет».
Әбу Ханифа бойынша аяқтар да осыған кіреді. Ендеше,
осы жерлеріне ер кісілердің қарауына бола ма?
Ислам көшеде, базарда әйелдермен алғаш жолыққан
кездегі қарауды есепке алмаған, бірақ екінші және үңіліп
қарауға тыйым салған.
Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
хазіреті Әлиге:
«Әли!
Бірінші қарауыңа екіншісін қосушы болма. Алғаш қарау –
саған тиесілі, екіншісі – саған қарсы»,
209
– дейді. Құранда
«Нұр» сүресінде де көзді төмен қаратуды айтады. Аллаһ
елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Бір еркек әйелдің әсемдіктеріне
көздері түскен кезде көздерін төмен салса, Аллаһ Тағала
оған тәттілігін жүрегінде сезетін бір құлшылықты нәсіп
етеді»,
–
210
дейді. Бір құдси хадисте:
«Әйелге әдейілеп
қарау ібілістің улы оқтарының бірі. Кімде‑кім Менен
қорқып көздерін төмен салса, оның жүрегіне иман дәмін
беремін»,
– дейді.
Қажылық кезінде жас әйел бір сұрақ сұрау үшін
Аллаһ елшісіне
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
келеді. Осы кезде немере
208
Тирмизи, Рада; Ханбәл. 4/149.
209
Әбу Дәууд. Никаһ; Ханбәл, 5/351.
210
Ханбәл, 5/264.