123
Исламда киіну түрлері
жеріне кіреді. Аллаһ:
«Ұятты жерлерін де қорғасын»,
–
дейді
201
. Ерлердің басқа жерлерін жабуы – мұстахап.
Хадисте:
«Сендерден кімде‑кім құлын яки
жұмысшыларын үйлендіретін болса, оның кіндік пен ті-
зелері арасына қарамасын»
202
. Басқа бір хадисте
«Кіндік
пен екі тізе арасы әурет жері»
203
делінген. Дарақутнидің
мына хадисінде:
«Тізелер – әурет жерлері»
деп беріл-
ген.
Мәликилерде ерлердің әурет жері – ұятты жерлері
ғана. Оларда тізе мен сан арасы әуретке жатпайды.
Баланың әурет жері
Сәби балалардың әурет жері жоқ. Бұның шегі төрт
жасқа дейін. Осы жастан төмен болған ер не қыз балаларға
қарау, оларды ұстау – мүбаһ. Одан кейін құмарлық сезім-
дерді сезгенге дейін тек ұятты жерлері ғана әурет санала-
ды да осы жерлерінің жабылуы қажет. Он жасынан кейін
ер не қыз бала болсын әурет жерлері үлкен кісілердің
әурет жерлері секілді болады
204
.
Шафиғилар бойынша, кішкене қыз баланың әурет
жерлері үлкен әйелдердікі тәрізді.
Әйел қалай орануы керек?
Бірінші:
Ерінің жанында:
Ерлі‑зайыптылар, яғни некесі қиылғандар бір‑бір-
леріне еркін қарай алады. Неке қию арқылы жақындасу
– шариғатта рұқсат, бірақ ұятты жерлеріне қарамау
201
«Нұр» сүресі, 30-аят.
202
Әбу Дәууд, Салат, 26.
203
Ханбәл, 2/187.
204
Ибн Абидин, а.а.е. 1/378.