Previous Page  118 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 360 Next Page
Page Background

118

Отбасы ғылымхалы

«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе, қыздарыңа

және мұсылмандардың әйелдеріне айт. Үстеріне

бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына,

кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ аса жарылқаушы,

тым мейірімді»

190

.

«Ахзаб» сүресі және осы аят Мәдинада хижраның

бесінші, жетінші жылында түскен. Аяттағы «жәләбиб»

сөзі – «жилбаб» сөзінің көпше түрі. Ол «кең киім, көйлек

және орамал» деген мағыналарға келеді. «Жилбаб жайын

ханафи ғалымдары былай деп түсіндіреді. «Әйелдердің

киімдерінің үстінен киетін әр түрлі киімдер», «Әйелді тұтас

жабатын бүркеншік». Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн

Мәсғуд жилбабты «рида (дененің жоғарғы жағын жабатын

киім) деп түсіндірген. Негізі жилбаб – денені тұтастай

жабатын киім.

Ислам қартайған әйелдерге жеңілдіктер жасап

Құранда:

«Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кәрі

әйелдердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін ше-

шулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса олар үшін

әлдеқайда жақсы»

– дейді

191

.

Сүннеттен дәлелдер

Хазіреті Пайғамбар осы аяттардың тәпсірін жасап,

іске асыру негіздерін көрсеткен.

Хазіреті Айшаның риуаяты бойынша бір күні хазіреті

Әбу Бәкірдің қызы Әсмә жұқа бір көйлекпен Аллаһ

елшісінің алдына келеді. Хазіреті Пайғамбар одан жүзін

бұрып:

«Әсмә! Әйел балиғатжасына жеткен кезде оның

190

Ахзаб сүресі, 59.

191

«Нұр» сүресі, 60.