116
Отбасы ғылымхалы
құлшылықтағы және одан басқа жерлерде оранудың түрі
мен шегін білдірген.
Жаһилия заманында араб қоғамы Қағбаны жалаңаш
тауап ететін. Күндіз ер кісілер, түнде әйелдер келіп тау-
аптарын киімсіз жасайтын. Олар «күні бойы киген киім-
дерімізбен тауап жасамаймыз» деп сылтау айтатын. Кейін
Мекке заманында Ислам тауапта және намазда оранудың
қажеттігін білдірген аят түсті. ٍ
يَا بَنِي آَدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِنْدَ كُلِّ مَسْجِد
«Ей, Адам баласы! Әр құлшылық жасайтын кезде
зейнеттеріңді киіңдер»
186
.
Бұл жерде «зейнет» сөзін «киім, киіну» деп тәпсір
еткен. Басқа бір аятта жасырын жерлерін бүркеп қорғаған
ерлер мен әйелдер Аллаһ Тағаланың үлкен сыйлығын
алатындықтарын білдіреді
187
. Сондай‑ақ, Исламда ерлер
мен әйелдерге кейбір шектеулер қойылған.
Аятта:
«Мұсылман ерлерге айт. Көздерін зинадан
сақтасын және ар‑намыстарын қорғасын. Бұл өздері
үшін жақсы»
188
.
Әйелдердің орануы туралы да былай дейді:
وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنّ وَلَ
يُبْدِينَ زِينَتَهُنّ إِلّ مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنّ عَلَى جُيُوبِهِنّ
وَلَ يُبْدِينَ زِينَتَهُنّ إِلّ لِبُعُولَتِهِنّ أَوْ آَبَائِهِنّ أَوْ آَبَاءِ بُعُولَتِهِنّ أَوْ
أَبْنَائِهِنّ أَوْ أَبْنَاءِ بُعُولَتِهِنّ أَوْ إِخْوَانِهِنّ أَوْ بَنِي إِخْوَانِهِنّ أَوْ بَنِي
أَخَوَاتِهِنّ أَوْ نِسَائِهِنّ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُنّ أَوِ التّابِعِينَ غَيْرِ أُولِي
186
«Ағраф» сүресі, 31.
187
«Ахзаб» сүресі, 33.
188
«Нұр» сүресі, 30.