119
Исламда киіну түрлері
мына және мына жерлерінен басқа жерлерінің көрінуі
дұрыс емес»
– деп жүзі мен алақанына ишарат етеді.
192
Басқа бір хадисте:
«Аллаһ Тағала балиғат жасына
жеткен әйелдің намазын орамалсыз қабыл етпейді»,
–
дейді
193
.
Әбу Ханифа бойынша, бір мүше төрттен бірінен артық
ашылса, намаз бұзылады. Ұятты жерлерінің дирхамдай
жері ашылса, намазы жарамсыз. Әбу Юсуф бір мүшенің
жартысын негізге алған. Жартысынан азының ашылуы
намазға кедергі келтірмесе де артығы намазды бұзады.
Имам Шафиғи бойынша, әурет жерінің кез келген жері
ашылса, намаз бұзылады.
Хазіреті Айша алғаш орамалдың іске асырылуын
былайша баяндайды: «Аллаһ алғашқы әйелдерге рақым
етсін. «Орамалдарын жағаларының үстіне түсірсін» аяты
түскен кезде етектерін кесіп, осыдан орамал жасап алды.
Сафия бинти Шәйбе былай дейді. «Біз Айшамен бірге
Құрайыш әйелдері туралы сөз етіп отырғанбыз. Айша:
«Сөзсіз Құрайыш әйелдерінің көптеген ерекшеліктері бар,
бірақ мен Аллаһ Тағаланың атымен ант етемін! Аллаһ
Тағаланың кітабын көп растаған және оған көп сенген
Ансар әйелдерінен артығын көрмедім. «Нұр» сүресіндегі
«Әйелдер орамалдарын жағаларының үстіне түсірсін»
аяты түскен кезде олардың ерлері осы аятты оқып үйлеріне
оралды. Ерлер әйелдеріне, қыздарына және туыстарына
осы аяттарды оқыды. Осы әйелдердің әрбірі етек матала-
рынан Аллаһтың кітабын растап оған иман етіп орамал
әзірледі. Таңертең Пайғамбардың артында орамалдарымен
192
Әбу Дәууд, Либас, 31.
193
Ибн Мәжә.Тахарат, 132; Әбу Дәууд, Салат; Ханбәл, 4/151.