121
Исламда киіну түрлері
үлкен бүркеніш киімі яки орамалдың астынан мойыннан
төмен тобыққа дейін жапқан сыртқы киім.
Екінші:
Бүркену – іш жағын көрсетпеу және денені
белгілі етпеу.
Бүркеніш тығыз тоқылған, қалың болуы тиіс. Денесін
көрсететіндей жұқа киіммен намаз оқуға болмайды.
Шафиғилар бойынша денені белгілі ететін киіммен
намаз оқу – мәкрүһ. Бұған мысал ретінде хазіреті Әсмә
туралы айтқанбыз.
Хазіреті Пайғамбар
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
Дихия
әл‑Кәлбиге Мысырда тоқылған тоқыма мата беріп жар-
тысынан өзіне көйлек, жартысынан әйеліне киім жасауын
тапсырады. Соңынан:
«Әйеліңе айт. Ішінен бір көйлек
кисін. Өйткені дене бітімі көрінуінен қорқамын»,
– дейді.
Хазіреті Пайғамбар осындай ескертуді Усамә ибн Зәйдтің
әйелі үшін де айтқан. Әш‑Шәукәни бұл хадисті былай деп
түсіндіреді: «Бұл хадис бойынша әйелдер денелерін дене
бітімдері көрінбейтін дәрежеде киім киюлері қажет. Сәтри
әуреті үшін бұл шарт. Усаманың әйеліне «қутбия» деп
аталатын киімінің ішінен көйлек киюін әмір етуі мұндай
киімдердің дене бітімін көрсететіндігінен», – дейді
196
.
Мына хадис үстінде киген киімі бар бірақ жалаңаш
әйелдердің дүние мен ақыреттегі азапты жағдайын ай-
тады:
«Үмбетімнің ақырғы кездерінде киген киімі бар,
бірақ жалаңаш көптеген әйелдер болады. Бұлардың
бастарының төбесі түйенің өркеші сияқты болады.
Оларға лағынет айтыңдар. Өйткені олар қарғысқа
ұшырағандар»
. Басқа бір хадисте:
«Олар жаннатқа кіре
алмайды, тіпті жаннаттың иісін де иіскей алмайды»,-
деген қосымша сөзі бар.
197
196
Шәукәни, Нәйлул-әутәр, 2/97.
197
Муслим. Либас, 125; Ханбәл, 2/223.