Previous Page  120 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 360 Next Page
Page Background

120

Отбасы ғылымхалы

таң намазын оқыды. Олардың басында бейне бір қарғалар

қонақтап отырғандай көрінді»

194

.

Бүркенуге тиісті ерекшеліктер

Бірінші:

Бүркеншіктің қолы мен жүзінен басқа

барлық денені жабуы.

Әйелдер – намазда және бөтен ерлердің алдында беті

мен қолы және аяқтарынан басқа барлық денесін жабула-

ры тиіс. Қол мен беттің фитнаға, бүлікке түсу қорқынышы

болмаса, намазда да, намаздан тыс та жабудың қажеті жоқ.

Мықты бір қөзқарас бойынша, аяқтарды да жабуы қажет

емес. Өйткені аяқтармен жолда жүреді және кедей-кеп-

шіктер үшін бұларды жабу қиындық тудырады.

«Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың

өздігінен көрінгендері басқа

(беті, қол‑аяқтары)» аятын-

да осы жерлердің ашық қалуға болатындығын білдірген.

Жоғарыда Әбу Бәкірдің қызы Әсмаға қол мен жүздің ашық

қалуға болатындығы айтылған. Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм)

:

«Әйел – оранып жүруі тиіс. Сыртқа шыққан кезде

шайтан оған көзін қадайды»,

195

– дейді.

Сөз ақыры «Нұр» сүресінің отыз бірінші аятындағы

орамал (химар, хумур) және «Ахзаб» сүресінің елу

тоғызыншы аятындағы сыртқы киім (жилбаб, жәләбиб)

терминдерін қатар таразыласақ, әйел үшін екі бөлік киім

түрі шығады. Біріншісі: шаш, мойын және көкіректерін

жапқан және иықтарына қарай жағаларының үстіне бос

жіберілген «жамылғы», екіншісі болса «сыртқы киім»

болып, мұның да түріне қатысты екі түсініктеме берілген.

Орамалдың үстінен дененің төменгі жағына дейін жапқан

194

Бухари, Тәфсирус-сурә, 24/12; Әбу Дәууд, Либас. 29; Ханбәл, 6/188.

195

Тирмизи, Рада, 18.