115
Тәсәттүр
(орамал тарту, ақжаулық)
Құраннан дәлелдер
يَا بَنِي آَدَمَ لَ يَفْتِنَنّكُمُ الشّيْطَانُ كَمَا أَخْرَجَ أَبَوَيْكُمْ مِنَ الْجَنّةِ يَنْزِعُ
عَنْهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوْآَتِهِمَا
«Ей, Адам баласы! Шайтан ата‑аналарыңның
ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп жан-
наттан шығарғаны секілді, сендерге де сұмдық жасап
жүрмесін»
184
.
ٌيَا بَنِي آَدَمَ قَدْ أَنْزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَارِي سَوْآَتِكُمْ وَرِيشًا وَلِبَاسُ
التّقْوَى ذَلِكَ خَيْر
«Ей, Адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін
киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық
киімі жақсы»
185
.
Оранудың мақсаты – өзгелердің назарынан сақтану
және ар‑намысын сақтау. Адамның бойындағы әдептілік
пен ұят сезімдері орануды қажетсінеді, бірақ мұсылман
ерлер мен мұсылман әйелдердің орану мақсаты – Аллаһ
Тағаланың ризалығын алу. Аллаһ Тағаланың әмірі
мен тыйым салғандарына бағыну – құлшылық. Намаз,
ораза секілді ғибадаттарды әмір еткен Аллаһ Тағала
184
«Ағраф» сүресі, 27 аят.
185
«Ағраф» сүресі 26 27