Previous Page  117 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 360 Next Page
Page Background

117

Исламда киіну түрлері

الِْرْبَةِ مِنَ الرِّجَالِ أَوِ الطِّفْلِ الّذِينَ لَمْ يَظْهَرُوا عَلَى عَوْرَاتِ النِّسَاءِ

َوَلَ يَضْرِبْنَ بِأَرْجُلِهِنّ لِيُعْلَمَ مَا يُخْفِينَ مِنْ زِينَتِهِنّ وَتُوبُوا إِلَى اللِّ

جَمِيعًا أَيّهَا الْمُؤْمِنُونَ لَعَلّكُمْ تُفْلِحُون

«Мұсылман әйелдерге айт: «Бөгде ерлерден көздерін

сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын.

Сондай ақ зейнеттерін көрсетпесін, бірақ олардың

өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол‑аяқтары) және

бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін

көрсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын атала-

рына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға‑бауырларына,

олардың ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы

күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге не-

месе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға

көрінулерінің оқасы жоқ. Және де көмескі зейнеттерін

білдіру үшін аяқтарын ұрмасын. Ей, мұсылмандар,

барлығың Аллаһ Тағалаға тәубе етіңдер. Әрине,

құтыларсыңдар»

189

.

Бұл аяттағы

«хумур»

(орамалдар) сөзінің жекеше түрі

– «химар». Бұл әйелдің басын жапқан нәрсе деген сөз.

Сайд ибн Жүбейір: «орамал әйелдің мойны мен көкірек

тұстарын жауып тұруы қажет»,- дейді.

Әйелдердің үйден тыс, яки бөтен ерлердің алдына

шыққанда үйдегі киімінің үстіне сырт киім киюі қажет.

Аятта:

يَا أَيّهَا النّبِيّ قُلْ لَِزْوَاجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَاءِ الْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنّ

مِنْ جَلَبِيبِهِنّ ذَلِكَ أَدْنَى أَنْ يُعْرَفْنَ فَلَ يُؤْذَيْنَ وَكَانَ اللُّ غَفُورًا

رَحِيمًا

189

Нұр сүресі, 31.