110
Отбасы ғылымхалы
мен анасына, одан кейін кезектегі әйелдерге тиесілі. Бұл
істерді өзі істей алатын жас – жеті жас. Аллаһ елшісі
(аләйһис-
саләту уәс-сәләм)
:
«Балаларыңа жеті жасқа келгенде намазды
үйретіңдер»,
– дейді
181
. Намаз бұйрығы өзіне қарай алатын
күшке жеткенде болады. Басқа тұрғыдан бала өзіне тоғыз
жасында ғана қарай алатынын айтқандар да бар
182
.
Қыз баланы анасы және анасының анасы бойжеткен-
ге дейін қарауға құқылы. Өйткені қыз бала бойжеткенге
дейін әдептіліктерді үйренуге мұқтаж. Қыз бала тоғыз
яки он бір жасында бой жетеді. Яки Әбу Юсуп пен Имам
Мұхаммедке қарай, арнайы белгілер көрінбесе, он бес
жасқа келгенде екеуі де балиғатқа толды деп есептеледі.
Қыз бала бойжеткен шақтан бастап қорғалуға мұқтаж;
сондықтан әкесі қорғауға лайық.
Баланың жеті жасынан кейін әкесінің қасында
болуының себебі оның жеті жасынан кейін ердің мінезі-
мен тәрбиеленуге мұқтаждығына байланысты.
Қызға келсек, оған әдептілікті үйрену жағынан анасы
жақын, ал бойжеткен соң оның қорғалуы және тұрмысқа
шығуына әкесінің әсері басымырақ.
Маликилерде ер баланың қамқорлыққа мұқтаждығы
ер жеткенге дейін жалғасады. Ал қыз бала тұрмысқа
шыққанға дейін жалғасады. Ананың мұсылман болмауы
да нәтижені өзгерте алмайды. Бұл жағдай ажырасқан яки
ері өлген әйелге қатысты. Бірге тұрған ерлі-зайыптылар
қамқорлық құқығына бірдей иелік етеді.
Шафиғиларда балиғат жасына жеткен бала ажырасқан
ата‑анасын өзі таңдай алады. Дәлел – Пайғамбарымыздың
бір ер баланың әкесі мен анасы арасындағы таңдауды ер-
кіне қалдыруы. Бірақ баланың жауапкерлігін алған ана яки
181
Әбу Дәууд, Салат, 26.
182
Зуһайли, 7/745.