Previous Page  108 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 360 Next Page
Page Background

108

Отбасы ғылымхалы

әйел өз баласының күтімін мойнына алса, ханафилер

бойынша баланы әкесі күнделікті көре алмайтын жерге

әкетсе, онда ананың қамқорлық құқығы тоқтатылады.

Бұл арақашықтық маликилерде алты бәрид - 133 км (бір

бәрид он екі мил). Ханбалилерде – намазды қысқартып

оқитын жолаушылық қашықтық. Шафиғиларда – әкету

мақсат болса жолдың ұзақ яки қысқа болуы мәселені

өзгертпейді.

Екінші.

Ақыл нұқсандығы болу, жұқпалы ауру сияқты

нәрселер қамқорлық құқығын тоқтатады, өйткені мұндай

жағдайда күтуші балаға қарай алмайды.

Үшінші:

Күтушінің ішімдік, құмар ойындары, зина,

т.б амалдар жасап әрі дінге де немқұрайлы қарайтын адам

балаға солай қараса онда оның қолынан бала алынады.

Төртінші:

Ерінен ажырасқан әйел не ері өлген әйел

баланың жақыны махрамы болмаған бір ер кісімен үйленсе,

қамқорлық құқығы тоқтатылады.

Шафиғи мен ханбалилерде күпірлік те қамқорлық

құқығын тоқтатады.

Көпшілік мүштәһидтер бойынша қандай да бір

жағдаймен күтушілік тоқтатылса және осы кедергі кейін-

нен жойылса онда қайтадан хақ иесі болып қайта орала-

ды

178

.

Күту шығынының өтелуі

Ханафилер күту жауапкершілігін мойнына алған әйел

баланың әкесімен бірге тұрған кезде яки рижиғ немесе

байын талақпен ажырасып, ғиддат күтіп отырған кезде

баланың күтімі үшін ақы талап ете алмайды. Өйткені бірге

тұрған кезде де ғиддат кезінде де ер кісі әйел мен балаға

178

Зуһайли, 7/725.