Previous Page  103 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 360 Next Page
Page Background

103

Отбасы бөлімі

Қамқорлық (хадана) құқығына

иелік етуші туыстар

1. Қамқорлық құқығына иелік етуші әйелдер

Бірінші:

Ана. Баланың күтімі мен тәрбиесін ана өзіне

міндет етіп алуына ең тиімді хақ иесі болғандығы туралы

ауызбірлік бар. Ананың баланың әкесімен тұрмыс құруы,

әкесінің өлуі не талақ етуі де нәтижені өзгертпейді.

Ананың қамқорлық құқында ең бірінші болуының

дәлелі – сүннет. Бір әйел Аллаһ елшісіне келіп:

«Пайғамбарым! Мынау – менің балам. Құрсағым – оған

бесік, омырауым – оған азық қайнары, құшағым – оған

ып‑ыстық ұя болды. Енді келіп әкесі мені талақ етті де,

баланы менен тартып алғысы келіп тұр», – дейді. Хазіреті

Пайғамбар

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Өзге біреуге тұрмысқа

шықпайынша балаға ең лайық сенсің»,

– дейді

171

.

Сахаба Әбу Аюб әл‑Әнсари бірде соғысқа қатысқан

еді. Әскерлер ғазауат кезінде қолға түскен ана мен баланы

бір‑бірінен айырғанда балалардың жылап жатқанын көріп:

«Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

: ِ

مَنْ فَرّقَ بَيْنَ وَالِدَةٍ وَوَلَدِهَا فَرّقَ اللُّ بَيْنَهُ وَبَيْنَ أَحِبّتِهِ يَوْمَ الْقِيَامَة

«Кімде‑кім ана мен баланы бір‑бірінен айыратын

болса, Аллаһ Тағала қиямет күні оны мен сүйгендерінің

арасын айырады»

деп айтқан»,

172

дейді.

Осыған орай сахабалар да, өзгелер де тұтқындағы

кішкентай балаларды ата‑анасынан және бауырларынан

айыруды мәкрүһ санаған

173

.

171

Әбу Дәууд, Талақ, 35.

172

Тирмизи, Бую, 52; Ибн Мәжә, Тижәрәт, 46; Ханбәл, 5/313.

173

Тирмизи, Сияр.