98
Отбасы ғылымхалы
Сүт емудің шарттары
Егер қыз бен жігіт бір-бірімен жақын туыс болса, онда
олар бір-біріне үйлене алмайтыны анық. Сонымен қатар
Ислам дінінде қыз бен жігіт бір-біріне туыс болмай бірақ
сәби кезінде бір ананың сүтін емсе яки ішсе онда олар да
бір-біріне ана сүті жағынан туыс болып бір-біріне қосыла
алмайды. Ендеше, төменде сүт жағынан туыс болуы үшін
шарттар мен жағдай қажеттілігі айтылады.
1. Сүт бір әйелге тиісті болуы қажет. Басым көп-
шіліктің көзқарасына қарай сүт емізген әйелдің
тұрмыста не бойдақ немесе күйеуінің жоқтығы
нәтижені өзгерте алмайды. Сүттен басқа бір
нәрсені, мысалы сары су, қан не құсықты жеу сүт
туыстықты тудыра алмайды.
2. Сүт емген баланың асқазанына жетуі қажет. Сүтті
омыраудан ему мен бір ыдыстан ішудің арасында
ешбір айырмашылық жоқ. Бала омырауға аузын са-
лып, бірақ сүт емгені белгісіз болса, онда харамдық
тумайды, өйткені күмәнмен үкім тұрақты бола ал-
майды. Мәликилер бойынша, мұндай жағдайда
сақтықпен амал етіп харамдықты дұрыс көреді.
Шафиғи мен Ханбалилер бес рет бөлек емуді
шартқа қосады, өйткені хазіреті Айшаның бір ри-
уаятына қарай, Құранда алдымен
«Он рет ему
харамдықты туғызады»
аяты келіп, кейіннен бір
аят арқылы осы ему беске түскен...
161
Шафиғиларға қарай, ему санын беске түсірген осы
аяттың үкімі Құранда жазылып, оқылуы «нәсх» (үкімі
жойылған) етілген бір аят болса да, үкімі жалғасу үстінде.
Бұл «кәрі кісі мен кәрі әйел зина жасайтын болса, олар-
161
Муслим, Рада; Әбу Дәууд, Никах.