96
Отбасы ғылымхалы
Бұл мәселеде ақылдасып әрекет етіңдер. Егер келісе
алмасаңдар, онда баланы басқа бір әйел емізеді»
156
. ِ
وَأُمّهَاتُكُمُ اللّتِي أَرْضَعْنَكُمْ وَأَخَوَاتُكُمْ مِنَ الرّضَاعَة
«Сүт емізген аналарың және сүт жағынан қыз
бауырларың да сендерге харам етілді»
157
.
Көптеген Ислам ғұламаларына қарай, ананың өз бала-
сын емізуі «мәндүп» болып саналады. Емізгісі келмейтін
ана болса, онда күйеуі төмендегі қағидадан басқа жағдайда
емізуге мәжбүрлей алмайды. Бала емізу нәпақаға кірген-
діктен, бұл да баланың әкесіне уәжіп. Сондықтан да күйеуі
әйелін мәжбүрлеуге құқысы жоқ. Яғни анасы емізбейтін
болса онда баланың әкесі басқа бір әйелді сүт ана ретінде
жалдап баласын еміздіреді. Өйткені:
«Емізуді толықтыруды қалағандар үшін аналар ба-
лаларын толық екі жыл емізеді»
158
аяты насихат түрінде
айтылған, яғни арнайы әмір емес, бірақ төмендегі мынадай
жағдайларда ана баласын емізуге мәжбүр болады.
Бірінші: баланың өз анасынан басқаның сүтін ембеуі.
Екінші: Өзге бір сүт ана табылмауы.
Үшінші: Баланың әкесі болмауы және өзінің де сүт
ана жалдайтын шамасы болмаған жағдайда ана баласын
емізеді. Бұл жердегі мақсат – баланы аштықтан сақтау.
Осы айтылғандардан бөлек жағдайларда ана бала-
сын емізуден бас тартса, әкесі балаға бір сүт ана табуына
тура келеді. Сүт ана баланы өз анасының жанында емі-
зеді, өйткені ана баласын «қамқорлық» мерзіміне дейін
қасында ұстауға құқылы.
156
«Талақ» сүресі, 6 аят.
157
«Ниса» сүресі, 23 аят.
158
«Бақара» сүресі, 233-аят.