Previous Page  91 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 360 Next Page
Page Background

91

Отбасы бөлімі

Ханафилер бойынша ерлі‑зайыптылардың неке

қиғаннан соң жақындасулары яки қисынмен қарағанда

олардың жақындасуларының мүмкіндігінің болуы баланың

ата-тегін әкесіне тиесілі етуге жетіп жатыр. Басқаша

айтқанда, ері некесі қиылған әйелінен туған баласының

тегін жоққа шығармайынша, бұл баланың ата-тегі соған

тиесілі болмақ. Егер араларында жақындастық қатынас

болмағанын дәлелдесе, онда баланың ата-тегін де жоққа

шығара алады.

2. «Фасид» – бұрыс үйлену

Фасид үйлену – ата-тегінің айқын болу тұрғысынан

дұрыс неке тәрізді. Осы арқылы баланың қорғалуы не-

гізге алынған. Ата‑анасының неке туралы қателіктерінен

баланың зиян шегуіне жол бермеу.

Фасид үйленуде ата-тегінің айқын болуы үшін мына-

дай үш шарт қажет.

Бірінші: Ерінің жүкті ете алатындай жағдайда бо-

луы.

Екінші: Жақындасудың жүзеге асуы.

Үшінші: Әйелдің жақындасудан кейін кем дегенде

алты айда босануы қажет

150

.

3. Күмәнді төсек қатынасы

Зина саналмаған күмәнді жақындасуда жақсы ниет

болғандықтан, екі жақ қорғалумен қатар дүниеге ке-

летін бала да ата-тегі тұрғысынан қорғалады. Күмәнді

жақындасуда дұрыс неке де, бұрыс неке де болмайды. Тек

қана неке күмәні мәселе болмақ. Ер кісінің уәкіл арқылы

үйленген әйелін басқа бір әйелмен шатастырып алуы, т.б.

Бұл жерде қателік қана бар.

150

Касани, а.а.е. сол жерде. «Фасид» туралы алдағы сол тақырыпқа

қараңыз. Зуһайли, 7/680.