90
Отбасы ғылымхалы
«хад» жазасын беру үшін әкелгенде Абдуллаһ ибн Аббас
осы екі аятты оқып, оның зина еместігін дәлелдеген.
Алты айлық ең қысқа жүктілік мерзім Әбу Ханифа
бойынша неке қиылған соң, ал мүштәһидттердің басым
көпшілігінің көзқарасы бойынша ерлі‑зайыптылардың
бір‑біріне жақындасулары, яки жақындасу мүмкіндігі
туған кезеңнен басталады
148
.
Б.
Үйленген соң алты ай мен жүктіліктің ең ұзақ мер-
зімі арасында туудың жүзеге асуы. Босану негізінде тоғыз
айдан кейін жүзеге асады. Жүктіліктің ең ұзақ мерзімі –
екі жыл. Хазіреті Айша:
«Бала анасының құрсағында екі
жылдан артық қала алмайды»,
– дейді. Осыған қарай
күйеуінің өлімі не ажырасқан күнінен бастап екі жыл ішін-
де туған баланың тегі қайтыс болған, не ажырасқан ерге
тиесілі болады.
Мүштәһидтердің басым пікірінде жүктіліктің ең қысқа
мерзімі – алты ай, ең ұзақ мерзімі – төрт жыл. Бұған ғұмыр
салты дәлел. Мәселен «Ажлан» руының әйелдерін осыған
мысал етуге болады. Ендеше, осыған қарай ерінің қайтыс
болуы, не ажырасқан күннен бастап қайтадан тұрмысқа
шықпау, біреумен төсек қатынасын жасамау шартымен
және босанбаса не «ғиддат» күткен кезінде хайыз көрмей
төрт жыл ішінде бала туса, онда оның ата-тегі қайтыс
болған еріне не ажырасқан еріне тиесілі. «Ғиддаты» да
осы босану арқылы аяқталады
149
.
Мәликилердің мәшһүр қөзқарасына қарай ең ұзақ мерзім
– бес жыл. Ибн Хазм мен хазіреті Омарда тоғыз ай.
В.
Некелескен соң ерлі‑зайыптылардың қосылуларына
мүмкіндіктің болуы.
148
Касани, а.а.е. 3/211.
149
Зуһаили, 7/677.