92
Отбасы ғылымхалы
Ата-текті анықтаудың жолдары
Ата-тегі дұрыс яки бұрыс үйленудің бар екендігі және
жақындасудың күмәнді екендігі айқындалғанда немесе
растау не болмаса айқындық бар болғанда әке жағынан
анықталады.
1.
Дұрыс (сахих) және бұрыс (фасид) үйленудің бо-
луы.
Неке келісімінің болуы анықталып, қалған шарттар
бар болса, ата-тек өздігінен анықталады. Күмәнді
жақындасу жағдайында бала дүниеге келсе, осы
үзір жағдайының дәлелденуі де баланың ата-тегін
еркекке тиесілі етуге бір себеп болмақ.
2.
Растау (иқрар) жолымен анықталуы. Ата-текті
растау екіге бөлінеді. Растаудағы ата-текті өзіне
немесе өзгеге тиесілі етеді.
Бір ер адам «Бұл бала менікі» яки «Бұл – менің балам»
деп растайтын болса, төмендегі шарттар жүзеге асқанда
ата-тегі анықталады.
А.
Растаған нәсілі біреуі жағынан айқын болмауы
қажет. Тегі біреуге тиесілі екендігі айқын болса, растау
жоққа шығарылады, өйткені Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-
сәләм)
ата-тегін өз әкесінен басқаға теліген адамға қарғыс
айтқан
151
.
Ә.
Араларындағы жас айырмашылығы яғни әкенің
балаға әке бола алатындай жаста болуы қажет. Мысалы,
растаған еркек – отызда, ал бала – жиырма бесте болса
жас айырмашылығы бұл растауға лайық емес. Себебі бес
жастағы баланың үйленіп, балалы болуы мүмкін емес.
151ِ
مَنْ ادّعَى إِلَى غَيْرِ أَبِيهِ أَوْ انْتَمَى إِلَى غَيْرِ مَوَالِيهِ فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللِّ الْمُتَتَابِعَةُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَة
Қараңыз: Бухари, Бую, 100; Муслим, Рада.