Previous Page  95 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 360 Next Page
Page Background

95

Отбасы бөлімі

аяқтан тараған»,- деп анықтап берді. Сол кезде Аллаһ

елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

осы хабарға қуанып, осы тәсіл

арқылы да анықтауға болатындығын «тақрир» (растау)

жолымен айтқан еді

154

.

Бүгінгі кезде «ДНК» тесі арқылы баланың

ата‑анасының кім екендігін қатесіз табуға болады. Бұл – ең

үлкен жаңалық, сондықтан бұл заманда баланы анықтауда

аталмыш ұстанымдарға қарағанда, физиологиялық

ұқсастықтар арқылы зерттегені дұрыс.

Сүт ему және сүт туыстығы

«Рада» (сөзі) – араб тілінде баланың анасын емуі деген

сөз. Дүниеге келген баланың ең маңызды азығы –ана сүті.

Баланың физикалық, биологиялық дамуында ана сүтінің

маңызды екенін бүгінгі медицина дәлелдеуде.

Құранда балаға сүт емізу әмірі мен ынталандыру аят-

тарымен қатар емізуді жүйелеген кейбір үкімдер де бар.

Құранда:

َوَالْوَالِدَاتُ يُرْضِعْنَ أَوْلَدَهُنّ حَوْلَيْنِ كَامِلَيْنِ لِمَنْ أَرَادَ أَنْ يُتِمّ

الرّضَاعَة

«Емізуді толықтыруды қалағандар үшін аналар

балаларын толық екі жыл емізеді»

155

.

فَإِنْ أَرْضَعْنَ لَكُمْ فَآَتُوهُنّ أُجُورَهُنّ وَأْتَمِرُوا بَيْنَكُمْ بِمَعْرُوفٍ وَإِنْ

تَعَاسَرْتُمْ فَسَتُرْضِعُ لَهُ أُخْرَى

«Ажырасқан әйелдерің өздеріңнен болған бала-

ларыңды емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер.

154

Зуһайли, 7/688.

155

«Бақара» сүресі, 233 аят.