94
Отбасы ғылымхалы
болсаң, куәлік ет, болмаса куә болудан бас тарт»,
–
дейді
152
.
Баланың тегін физиологиялық ұқсастықтар жолы
арқылы да анықтауға болады. Ғиддатты күту үстіндегі
бір әйел тұрмыс құрып, ғиддат ішінде босанса, сол кезде
бұрынғы ері мен кейінгі ері жаңа туған баланы «менікі»
деп таласса, бала кімге тиесілі болмақ? және табылған бір
баланы екі не үш ер кісі «менің балам» деп таласса бала
кімдікі болмақ?
Ханафилерге қарай бір балаға екі ер кісі таласатын
болса, бұлардың бірі – дұрыс (сахих) екіншісі бұрыс
(фасид) неке арқылы төсек иесі болса, онда бала бірін-
шісіне тиесілі. Бұлардың екеуінің төсек құқығы болса,
онда бала екеуіне де тиесілі. Бұл тақырыпта ата-текті
зерттеушілердің көзқарасына қарай амал етілмейді.
Алайда, Шафиғи, Малики, Ханбалилерге қарай,
физиологиялық ұқсастықтарға сүйеніп ата-тегін анықтауға
болады. Оған хазіреті Айшадан жеткен мына хадис дәлел:
«Бір күні Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
жүзіне қуаныш
ұялап жаныма келді де ата-текті зерттеуші Мужәззиздің
Зәйд ибн Харисә мен баласы Усама ибн Зәйд туралы:
«Бұл аяқтардың иесі мына кісіден келген» дегенін айт-
ты
153
. Хақ Пайғамбар Зәйд ибн Харисәні бірде азат етілген
күңі – Умми Әймәнмен үйлендірген болатын. Осыдан көп
ұзамай дүниеге Усама келді. Усамә өте қап‑қара, ал Зәйд
болса ақ тәнді еді. Мұнафықтар осы айырмашылықты
сөз етіп, ел арасына өсек таратты. Осыдан кейін бір күні
мешітте әкесі мен баласының үстін жауып, тек аяқтарын
ғана жалаңаш ашып қойды. Сосын ата-текті зерттеушіні
шақырып қаратты. Ол аяқтарға қарап «мына аяқ мына
152
Бәйхақи.
153
Бухари, Мәнәқиб, 23; Муслим, Рада, 38-40.