99
Отбасы бөлімі
ды «рәжм» етіңдер» аятына ұқсайды
162
. Алайда, Ибнул
Хуммам бес рет емуді білдіретін осы аят тек қана тілуәті
ғана емес, сонымен қатар үкімінің де нәсх етілгенін ай-
тады.
Ханафилер мен Маликилер бойынша, сүт ему өлшемі
аз болса да көп болса, да бәрібір. Дәлел:
«Сүт емізген
аналарың (сендерге харам етілді)»
163
аяты менِ
يَحْرُمُ مِنْ الرّضَاعِ مَا يَحْرُمُ مِنْ النّسَب
«Нәсәп нәсілі, ата-тегі жағынан харам болғандар
сүт жолымен де харам болады»
164
хадисі. Осы аят пен
хадисте ему өлшемі айтылмаған.
3. Емізу ауыз яки мұрын жолы арқылы болуы қажет,
өйткені сүт тек осы екі жол арқылы ғана асқазанға
жетіп, сіңуіне арқау болады.
Ханафилер, Шафиғи және Ханбалилер бойынша зәр
жолы, көзге, құлаққа не бір жараға тамызу арқылы сүт
туыстығы тумайды.
4. Сүттің басқа бір сұйық затпен араласпауы қажет,
ондай жағдайда ханафи мен мәликилер бойын-
ша, көп болғаны негізге алынады. Сүт артық бол-
са, харамдық туғызады. Ал, Әбу Ханифаға қарай
бір затқа араласқан сүт аз болсын, көп болсын
харамдық туғызбайды. Өйткені бұл қорек сүттің
қуатын жоғалтады.
Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бұл жерде көпті
негізге алады.
Бір әйелдің сүті басқа бір әйелдің сүтімен арала-
сып кетіп оны бала ішетін болса, Әбу Ханифа мен Әбу
162
Ибн Мәжә, Худуд.
163
«Ниса» сүресі, 23 аят.
164
Бухари, Шәһәдәт, 7.