Previous Page  102 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 360 Next Page
Page Background

102

Отбасы ғылымхалы

болуы, жарым ес сияқты себептермен тікелей өз істерін

жасай алмайтын баланы қамқорлыққа алу. Бұл жағдайда

баланың күтімдік жауапкерлігі мынау: оның істері, тамағы,

киімі, ұйықтауы және тазалығы секілді қызметтер

169

.

Хадана (қамқоршы) – негізінде сүйіспеншілік, шапағат,

сабыр, әдептілік тәрізді парасаттылықты көздеген тәрбие.

Бұған әйелдер лайық. «Хадн» – әйел баласын құшағына

алып, оны сүюі не құстың жұмыртқасын не балапандарын

қанаттарының астына алуы мағынасына келеді. Әйел бала-

сын тәрбиелеген кезде оған бәддұға жасап қарғыс айтпауы

қажет. Бұл Исламда мәкрүһ саналған. Аллаһ елшісі:

قَالَ رَسُولُ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ لَ تَدْعُوا عَلَى أَنْفُسِكُمْ وَلَ

تَدْعُوا عَلَى أَوْلَدِكُمْ وَلَ تَدْعُوا عَلَى خَدَمِكُمْ وَلَ تَدْعُوا عَلَى

ْأَمْوَالِكُمْ لَ تُوَافِقُوا مِنْ اللِّ تَبَارَكَ وَتَعَالَى سَاعَةَ نَيْلٍ فِيهَا عَطَاءٌ

فَيَسْتَجِيبَ لَكُم

«Өздеріңе, балаларыңа, қызметшілеріңе және

малдарыңа бәддұға жасап, қарғамаңдар. Өйткені Хақ

Тағаланың тілектеріңе жауап беретін бір сәтке кез келуі

мүмкін»

170

.

Хадана (қамқорлық) құқы алдымен анасына одан

кейін ол жоқ болса, хадана құқы бар адамдарға беріледі.

Бұл жағдай ханафилер бойынша, ер бала жеті жасына

дейін, қыз бала кәмелетке толған жасқа дейін, маликилер-

де үйленіп, тұрмыс құрып кеткенге дейін жалғасады.

169

Касәни, а.а.е. 4/40.

170

Муслим, Зуһд, 74; Әбу Дәууд, уитр, 27.